ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ «СЕНІМДІЛІК»

Алимбаев Базартай Алимбаевич

Әлімбаев Базартай Әлімбайұлы

Директор ҒЗИ «Сенімділік», техника ғылымдарының докторы, профессор

Тел.: 8(7262)50-14-65, 87772435638

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Сенiмдiлiк» ҒЗО мақсаты - Жамбыл облысындағы кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс жағдайын бағалауға, сондай-ақ алдын ала төтенше және төтенше жағдайлар кезiнде құрылыс алаңдарын нығайтуға және қайта жаңартуға инженерлік қызметтер көрсету болып табылады.

«Сенiмділік» ҒЗО қызметінің негізгі бағыттарына жататындар:

- көне Тараздың архитектуралық ескерткіштерін тексеру және паспорттарын жасау;

- өндірістік, азаматтық және су нысандарының жаңа және қайта құру құрылысының жобаларын әзірлеу;

- өндіріске және университеттің оқу процесіне ғылыми әзірлемелерді енгізу;

- докторанттар, магистранттар мен студенттердің құрылыс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

- құрылыс және жобалау ұйымдарына ғылыми және әдістемелік көмек көрсету және консультациялық қызметтер көрсету;

- құрылыс саласында халықаралық тәжірибе негізінде мамандарды даярлау және тәжірибеден өту.